• Ислам діні - ең таза дін

«Аллаға қайтарылатын бір Күннен қорқыңдар. Сонда әрбір жанға істегені толық беріледі әрі оларға әділетсіздік етілмейді». (2:280)

Мұнда арзан сөздермен уақытыңызды босқа құртатын цитаталар жоқ. Құнды насихат! Барлығы да Алла разылығы үшін. Ережелермен танысып шығыңыз: https://vk.com/topic-57777198_29188938 Біздің нәтиже: •50,000 Мұсылман ✔ •100,000 Мұсылман ✔ • 150,000 Мұсылман ✔  • 200,000 Мұсылман ✔ • 250,000 Мұсылман ✔ • 300,000 Мұсылман ✔ • 500,000 Мұсылман

Публикации: 303

• Ислам діні - ең таза дін

Біздің тобымыздың оқырманысыз ба?)



• Ислам діні - ең таза дін

Отбасынан отанға, жанұядан жаһанға жылу жайылса... . Отбасы... Жанұя

Кеңестік кезеңде «семья» деп аталған ұғым кейінгі кезде «отбасы» және «жанұя» деген екі түсінікпен беріліп жүр. Осы екі ұғымның екеуі де өзінше дұрыс сияқты. Отбасы ұғымы тілдік жағына үңілсеңіз оттың басы, ошақтың қасы, яғни тұрмыс-тіршілік, үйдің материалдық мәселелеріне көбірек тиесілідей көрінеді. Ал жанұя ұғымы жүрекке жылы тиетіндей. Адам қиналғанда, қысылғанда жанын қоярға жер таппай тызалақтайтыны бар емес пе? Жанұя деген ұғым сол жаныңа ұя болар тыныш мекен іспеттес.



Жанұяның тарихи тамыры Адам ата мен Хауа анадан бастау алатыны белгілі. Әуелде Адам ата жаратылғанда жұмақта өмір сүрді. Жұмақ – жанға жайлы, қол жеткізбес қымбатың мен аңсаған арманың алдыңа айтқызбай-ақ ақтарылатын арман мекен. Сол мекенде жалғыз өмір сүрген Адам атаның көңілі тыншымаған соң, Жаратушы Жаббар Ие оған не керек екенін айтқызбай біліп, қабырғасынан Хауа ананы жаратты.



«Алла ішіңді айтқызбай біледі, ойла!» - деп Абай атамыз айтқандай, Адам атаның қажеттілігін дөп басқан Алла Тағала оның жанға жайлы жер - жұмақта жүрсе де, өмірлік серікке мұқтаж екенін білгендіктен жарымен жұптаған екен. Осы оқиғаның өзінде үлкен мағына жатқанын аңғаруға болады. Адам баласы тіпті жұмақта өмір сүрсе де, өмірлік серігі жанында болмаса жаны тыныш таппайтынын түсіндіріп тұрғандай.



Ал сол жан тыныштығы әр жанұядан табыла ма?! Бұл сұраққа жауап табу үшін ғасырлар қойнауынан жеткен қасиетті кітап парақтарын ашып көрейік. Рум сүресі, 21-аят: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да, Оның белгілерінен». Міне осы аяттағы тұрақтауларың үшін деген сөздің араб тіліндегі түбірі «сәкина», яғни жан тыныштығы деген мағынаны береді. Жан тыныштығын негізге ала отырып, оған тірек болар нәрселерді осы аяттан іздесек, оның сүйіспеншілік пен мейірімділік екенін байқаймыз.



Ия, жастар «сүйдім», «күйдім», «сенсіз бір сәтке де тұра алмаймын» деп үйленгенімен, бірге тұрмыс кеше бастаған соң керісінше «сенімен бір сәт те тұра алмаймын» деп ажырасып жатады. Осы жерде жалғыз сүйіспеншіліктің жетіспейтінін аят айтып отыр. Мейірімділік, яғни жұмсақтық, кешірімділік сипаттары болмаса, отбасын сақтап тұру мүмкін болмай жатады.



Ертеде екі отбасы көрші өмір сүрген екен. Бірінде екі күннің бірінде ұрыс-жанжал, ал екіншісінде айрандай ұйыған берекелі тіршілік. Содан не керек, әлгі ұрыстан көз ашпаған жаралы жұп ойласа келіп көршілерінің үйіне барып, солардан үлгі алуға бекінеді. Көрші үйіне барып кірсе, келіншегі бұларды жылы жүзбен қарсы алып, төрге шығарады. Біраздан соң сырттан отағасы кріп келе жатып, есік аузында құтыда тұрған сүтті байқамай шапанының етегімен қағып кетіп, ыдысты сындырып, сүтті төгіп алады. Сонда келіншегі жалма-жан жүгіріп шығып, отағасынан кешірім сұрай беріпті: «Кешіріңізші, бізді асыраймын деп күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей шаршап келгеніңізде жолыңызға сүтті қойып қойғанымды қарасаңызшы» - деген екен. Сонда отағасы:



«Әй бәйбіше, сен мені кешір қайта. Өзің үйдің күйбең тіршілігінен бір босамайсың. Бала-шағаның ас-суын беріп, кір-қоңын жуып, маған ас әзірлеп, үй жинап, бір тыным таппайсың, енді міне, көрмейсің бе, ыдысыңды сындырып, сүтіңді төгіп, саған тағы шаруа тауып бердім» - депті.



Мұны байқап отырған көрші үйден келген даукес жұп мәселенің мәнісі қайда жатқанын түсіне қойыпты. Осы жерде олар болса бірін-бірі кінәласып, әркім өзін ақтап, жеңілмей бірсыпыра ұрысты жандандыратындарын көздеріне бір елестетіп, бұдан кейін олар да кешірімді болып, әркім қандай жағдай болмасын өз кінәсін мойындаған жөн деген тұжырымға келген деседі.



Расында әдемі жұп болып жарасқан жастардың көп ұзамай екіге айрылғаны көрер көзге келеңсіз, естігенде есіңді шығаратын оғаш іс.



Ертеректе қандай қиын қыстау заман болса да ерлі зайыптылар бірге тұрып, біте қайнасып өле-өлгенше бір-біріне тірек болатын еді.



Ендеше жанымыздың ұясы болған ошағымыздың отын сөндіріп алудан сақтанайық!



• Ислам діні - ең таза дін

Өлімді еске алу адам психологиясына қалай әсер етеді? . «(Мұхаммед (ғ.с.) оларға:

«Расында, сендер қашқан өлім; әрине ол сендерге кездеседі. Сосын көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендер істеген істеріңді түсіндіреді» де».[1]

Иә, бұл аяттар өмірдің өткінші екендігін, әрбір жан иесі өлетіндігін, өлімнен ешкім қашып құтыла алмайтындығын анық, ашық айтып тұр.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ақылды адам – өзін есепке тартып, өлім үшін дайындалатын адам», – деген. Бір нәрсе үшін дайындалу – ол нәрсені жиі еске алу арқылы болады. Еске алу еске түсіретін нәрселерге қараумен, оларды істеумен іске асады. Тағы бір хадисте: «Ең ақылдыларың – өлімді көп еске алатын, ақырет үшін азық жинауда асыққандарың. Өлімді көп еске алатын адам, дүние мен ақырет бақытына қауышады», – деген.

Біраз уақытқа дейін көптеген Батыс ғалымдары өлімді еске алу, өлім туралы ойлау адам үшін қауіпті және зиян деген түсінікте болып келді. Алайда, АҚШ-тың «Миссури» университетінің ғалымдары мен психологтары өлімді еске алудың адам психикасы мен мінез-құлқына қалай әсер ететіндігі туралы мүлдем басқаша зерттеу нәтижелерін баяндап отыр.

ӨЛІМДІ ЕСКЕ АЛУ АДАМДЫ МЕЙІРІМДІ ЕТЕДІ

Психология ғылымдарының докторы Кеннет Вейл (Kenneth Vail) мынадай әлеуметтік зерттеу жүргізген. Ол екі әртісті шақырып, көшеде өтіп бара жатқан барлық адамдар еститіндей етіп, оларға жақсылық пен мейірімділік, өзара жәрдем жасау туралы әңгіме айтқызады. Содан кейін екі әртістің бірі қолындағы ноутбугын әдейі құлатып алады. Сол кезде сырттан бақылап отырған зерттеу жүргізушілер құлаған ноутбукты көтеруге көмектесуге келген адамдардың санын жазып отырады. Осы зерттеу қаланың бірнеше жерінде жасалған. Ең қызығы, құлаған ноутбукты көтеруге көмектескен адамдардың 40% жақын маңдағы зиратта жерленген туыстарының қабірінің басынан келе жатқан адамдар болып шыққан. Осы арқылы Кеннет Вейл өлімді еске алу адамды мейірімді болуға шақырады деген нәтижеге келген. Пайғамбарымз (с.ғ.с.): «Өлімді көп еске алған адамның көңілі жанданады, өлімі де оңай болады»,[2] - деп бекер айтпаса керек...

ӨЛІМДІ ЕСКЕ АЛУ БІР-БІРІМІЗГЕ САБЫРЛЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕТЕДІ

Ирандық және америкалық ғалымдар жүргізген зерттеу барысында өлімді ойлау арқылы адамдар бір-біріне сабырлы және тату болатынын дәлелдеген.

Орталарында ұрыс-керіс болып, арасы суып кеткен ағайынның арасын осы өлім жарастырады. Өлімнің алдында барлық өкпе-реніш пен келіспеушіліктердің мәні жойылады. Осыдан кейін әр адам өзара сыйластықты сақтай отырып, ары қарай көркем қатынасты болудың жолын қарастыра бастайды. Бәрінің барар жері арғы дүние екенін түсінген адам қамшының сабындай ғана мына жалған дүниеде ең болмаса адамдармен қарым-қатынасым көркем болсыншы деген ниетте болады.

ӨЛІМДІ ЕСКЕ АЛУ - ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗҒА ЖАҚСЫ ҚАРАУҒА ҮЙРЕТЕДІ

Ұлы Жаратушы біздерге санасақ санына жете алмайтын өте мол және керемет нығметтер берген. Соның бірі – денсаулық. Жасыратыны жоқ, көпшілігіміз сол аманатқа селсоқ қарап қана қоймай, шариғатымыз тыйым салған істерді істеп, ішіп-жейміз. Нәтижесінде денсаулығымызға зиян келіп, өзіміздің тәнімізге қиянат жасаймыз. Бұл турасында қасиетті Құран Кәрімде: «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында, (сіздерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді»,[3] – деген.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, өлімді ойлау арқылы адам баласы өзіне деген қамқорлығы мен денсаулығын сақтауды қолға алады екен. Психология ғылымдарының профессоры Борис Егоров өлімді көп ойлайтын адамның ісі мен сөзі бір-бірімен үйлесетін (адекватный) және қателік жасаудан аулақ болуға тырысатын және өміріне қауіпті барлық нәрселерден алыс жүретіндігі туралы көптеген материалдар дайындаған. Сонымен қатар, қайтыс болған туыстарының зиратына көбірек баруды ұсынған екен.

Екі дүниенің сұлтаны, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ләззаттарды жоқ қылатын, ауыздың дәмін бұзатын, үміттерді үзетін өлімді көп еске алыңдар! Өлімді таршылықта еске алған адам жеңілдейді. Кеңшілікте еске алған адам, ысыраптан қашып, қанағатшыл болады»,[4] - деген сөзін текке айтпаған.

Ал, Сізге өлімді еске алу қалай әсер етеді?

Лаура Алмаханова



[1] «Жұма» сүресі, 8-аят.
[2] Дәйләми.
[3] «Ниса» сүресі, 29-аят
[4] Ибн Хиббан.



• Ислам діні - ең таза дін

Темекі шегушілер мұны білгенде... . Көпшілік темекі тарту зиян әкелмейді деп ойлайды

Егер темекі тартатын адамнан қай кезден бастап әуестенгенін сұрасаңыз, есімде жоқ, деп жауап береді. Шылым шегетін адам арты қайғылы ауруларға шалдығып өз-өзіне зиянын тигізеді. Ал ислам болса өзін-өзі өлтіруге және денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге қатаң тыйым салады. Ал темекі шегуді ағзаңды улау арқылы біртіндеп өзіңді-өзің өлтірумен салыстыруға әбден болады. Әбу Хурайрадан (р.а) жеткен хадисте Алла елшісі (ﷺ) былай дейді: «Кімде-кім таудан құлап, өзін-өзі өлтірсе, ол жәһәннам отында мәңгі-бақилыққа құлайды. Кімде-кім у ішіп, өзін-өзі өлтірсе, жәһәннам отында мәңгі-бақи сол уды қолына ұстап ішіп тұрады. Кімде-кім өзін-өзі темірмен өлтірсе, жәһәннам отында сол темірі қолына ұстап өзін-өзі мәңгі-бақи ұрғыштап тұрады» (Бұхари, Мүслім ). Бұл қауіп-қатер денсаулығына зиян тигізіп, өз-өзін құртып жүргендерге де қатысты. Шылым шегумен тек өз-өзіңді ғана құртып қоймайсың, күнәлі іске ысырап қылған ақшаң үшін де жауап бересің. Қасиетті Құранда айтылғандай: «Ысырап етпе! Ысырап еткендер шайтанның бауырлары » (Исра 26, 27).

Үлкендердің бала тәрбиесінде маңызды рөл ойнайтыны бәрімізге белгілі. Отағасы темекінің түтінімен тек отбасы мүшелерін улап қана қоймайды, сонымен қатар балаларына үлгі болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей кішкентай бала үлкендердің әдетін тез қағып алғыш келеді, жүріс-тұрысы, сөзі мен қатар, жаман әдеттерді де жылдам қабылдайды. Өзімізге осыншама зиян әкелетін істен неге арылмасқа?! Осы айтылған кеңестеріміз бір адамның болсын өмірін жақсы жаққа өзгертеді деген үміттемін! Алла Тағала Өзінің қолдауына зәру жандарға жәрдем болсын! Әмин!

Ihsan.kz .



• Ислам діні - ең таза дін

Мединадан келген қонақтар. Мединелік екі жас жігіт Түркияға бармақ болып шешім қабылдайды

Олардың онда барудағы мақсаты жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу, тіпті дінімізді насихаттау да емес. Олар әбден қанғанша спирттік ішімдікті ішкілері келеді. Стамбулға келіп, жігіттер ішімдіктер сатып алып, кейін такси ұстап, өздерін ешкім көрмеуі үшін жақын маңдағы қонақ үйі бар ауылға жол тартады. Тіркеу кезінде олардан қайдан келгендері сұралады. Бұлардың Мединеден келгендерін естігеннен кейін пайғамбарымыздың(Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жерінен болғандықтары үшін құрмет ретінде бір бөлменің орнына қонақ үйдің бір жақ қанатын түгел береді. Жас жігіттер түріктік қонақ үйдің қонақжайлығына таң қалып, бүкіл түн бойы алған спирттік ішімдіктерін ішіп шығады. Түннің ортасына қарай біреуі өте қатты мас болып қалды, ал, екіншісі өз өзін ұстай алатын хәлде. Кейін олар ұйқыларынан оянады. Таңғы 5:30 да есік соғып тұр. Мұндай уақытта кім болуы мүмкін? Екеуінің біреуі тұрып, есікке жақындап, көзімен есіктен сығалайды. Ар жағында администраторды көреді. Администратор: "Біздің мешіттің имамы Мединеден қонақтар келгенін естіп, таң намаз жүргізуден бас тартып жатыр. Біз сіздерді төменде мешітте күтеміз". Жас жігіт бұны естігенде аң таң боп қалды. Ол жылдам өзінің досын оятып: "Сен Құраннан бірдеңе білесің бе?" - деп сұрады. Ол имамдыққа шығатын жағдайда еместігін айтты. Бұлар мұндай қиын жағдайдан қалай құтыларын білмей қатты қиналды. Бір мезгілде есік қайтадан соғылды. "Болыңдар. Біз сіздерді мешітте күтіп отырмыз, әзірге күн шыққанша"-деген администратордың дауысы естілді. Олар ваннаға кіріп, ғұсыл құйынып алып, мешітке төменге түсті. Бұл уақытта мешіт жұмадағыдай лық толы. Олардың бәрі қонаққа жымиып, амандасып жатты. Екі жігіттің біреуі алға шығып имамдыққа өтті. Такбір айтып бастаған кезде ол фатиханы оқып жылай бастады. Аллаһтың алдында қорланған дәрежеде ұялуда. Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кезіндегідей бүкіл мешіт жылады. Біздің жазбамыздың батыры өз сөзінде: "Мен екі рәкәт намазда фатиха мен ықылас сүресін өте қиындықпен оқыдым. Бұлардан басқа еш сүре білмеймін. Намаздан кейін адамдар ағылып келіп амандасып мені құшақтай бастады". Бұл оқиға екеуі үшін хидаят болды. Имамдыққа шыққан жас жігіт қазір уағыз насихат жүргізуде. Кейде біздің Раббымыз туралыққа түсуімізге әр түрлі жағдайды беріп қояды. Аллаһ Тағала бәріміздің тура жолда жүріп, тәубе етуімізді жазсын! Әмин!

• Ислам діні - ең таза дін

ТЕРРОРИЗМНІҢ ҰЛТЫ МЕН ДІНІ ЖОҚ

Терроризмнің ұлты мен діні жоқ ᴴᴰ.720.mp4 - видео смотреть онлайн


• Ислам діні - ең таза дін

Әй жігіттер бір насихат айтайын. Байсалдылық жоғалған ба бойдағы,

Кемеңгерлік тоналған ба ойдағы.
Бірлі жарым уақыт болды әттең-ай,
Көп жігіттер, жігіттікті қойғаны.

Төс аңдыған лепіріп жүр бойдағы,
Түлкі болып көпіріп жүр тойдағы.
Қыз қырқынды қуалап жүр қырдағы,
Ойнас жасап ойқастап жүр ойдағы.

Жер бетіне түсе алмай жүр айдағы,
Жұлдыз болып шеттерінен қайдағы.
Белгілі ғой кешегі ердің жайлары,
Мәңгүрттену бүгінгінің майданы.

Көшелерге сия алмай жүр байлары,
Таптап өтіп жабағылау жайдағы.
Әлі жеткен әлсіздерді қаумалап,
Қаншықтайын азуларын қайрады.

Кек ал десе даяр тұрып сайманы,
Бірін-бірі бауыздаудан таймады.
Әй жігіттер, жігіттіктен алыстап,
Түйірлердей боп барасың шайдағы.

Шын қазаққа айнала алмай кәрістен,
Күннен-күнге кеміп жатыр намысты ер.
Сасық атақ, ар-ожданнан өрлесе,
Қанша айтсаңда намыссыздар қамыс жер.

Аға буын! өзегі едің өңештің,
Дәл өзіңдей азық берер жоқ ешкім.
Айтшы қане ұлтың үшін ұлан боп,
Ұрпақ үшін қай бір кезде күрестің?

Нақылың сол аса алмаған өсектен,
Ініңді ерте достастырдың төсекпен.
Қайыр күтпе балаңнан да тәлімсіз,
Нелер өнген құмға отырған көшеттен?!

Оңдырған ба жаға-жыртыс, боқтасу,
Мұның бәрі жүректерге тот басу.
Жалғыздарға жалаң қолмен шабатын,
Шибөрінің тірлігі ғой топтасу.

Әй жігіттер өкпелейміз кімдерге,
Иман жұтаң болғаны үшін біздерде.
Жалған намыс жетегінен ерген соң,
Ар көреміз сыйластықтан "сіз" деуге.

Топырақты шаша алмаймын күлліге,
Кептелмеген кемеңгер бар сүзгіде.
Жас буынмын десең дағы артыңнан,
Ұрпақтар бар кеше тұғын ізді де.
Ағам солай, әкем солай болды деп,
Жақсы ат пенен еске алсыншы бізді де!

✍ Бағжан Бақберген-Ұлы



DELETED

.

• Ислам діні - ең таза дін

Аурухана - тәубешілдер мекені. Кіл кірпік қатар қонған көзімді сызылтып аштым

Айналам аппақ... Қабырға, жатқан төсегім, тіпті перде де, жылытқыш... бәрі аппақ түсті. Мен өзімді сүт теңізге батқан шыны үйде жатқандай сезіндім. Бір уақ ақ халатты ақ қалпақ киген дәрігер келіп «есін жиыпты» дегендей біраз қарап жаншошырлық азап у татыған инесін егіп, сусыма тамшыламасын қондырып кетті.

Ес жиып, өзіме келгенім бүгін ғана. Бас сақинамның ұстамасы ұстап, есімнен таңғаныма ғайыптан тайғандай төрт күн толыпты. Палатада дәрі мен аурудың алысқан азап иісі санамды бізбен түрткендей мазасыздандырып, тұншығып барам. Бой жазып, таза ауамен тыныстамаққа тысқа шығайын десем рұқсат жоқ. Терезеден тірілер әлемін тамашалап, ұзақ қарадым. «Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.» Ырас, денсаулықтың қадірін ешкім дәл мендей білместей, тіпті десеңіз, бар адамға айқай салып, болдырғым келеді.

Қабырға жағалап, дәлізге беттедім... Қабылдау бөлімінің қақ ортасындағы күтушілер залында отырып уақыт оздырмақпын. Дәліз ментектестерге лық толы. Әр жұмырбастының жанарын мұң шалғаны көрер көзге анық, қараңғы түннің долы бораны түтесіп өткен. Тек көзінің қарашығы қараңғылыққа тап болып Тәңірінен үміт еткендей жалт-жұлт етіп мөлтілдейд. Иә, тек көзінің оты үміт шырағындай сенім күшімен лып-лып етеді.

Ақ басты дәрігерге жаутаңдай қарап, көңіліндегі күдік өртін сейілтетін сағымды, жаны күткен сіңімді сөзін күтеді. Сірә, сау адам қанша тырысқанымен жүзі сынық, жүрегі жарым уайым тұрғынының халін өзіндей етіп түсініп, сіздегідей сезіне алмасы белгілі. Өзімен бірге түнеген өткен күнәларына өкініш білдіріп, айыбын ұятқа балайды. Міне, мен де солардың бірімін. Әрине, ауру – сынақ. Әттеген-ай, саулығымда сүрінген сынақ, ауру сәтімдегі сынақтан қаншалықты ауыр десеңші, масқаралық емей неме десе болады мұны? «Қазаққа Құдай керек, кісі өлгенде немесе жаман түс көргенденің» кері келіп, кеш түсінетіндер қаншама... Әзәзіл азғырудан тарих чемпионы шайтан мен есепсіз есірген билеуші нәпсі ұғарыма қояр ма?

Мынау несі... Сырғыған төсекті сүйретіп екі ақбастылар барад... Үсінде ақ матамен бүркелген бақилық адам... Мә-йіт, мүр-де, де-не... Жүрегім дызылдап, миым шуылдап, әп сәтте барлық дыбыс, үн-сыбыр, ын-жыны аралас қарбаластың у-шуы сілтідей тынды да қалды... Дыбыссыз қозғалыстар, ығы-жығы адамдар, есіктен ескен қара суықтың ызғары бойыма үрей дарытып, қорқыныш зұлматы заматтап тұрып алды. Ақ халаттылар халқынан келген әлгі мәйіт тасушылар құдды жаналғыш Әзірейілдей көрінгеннен бе жаным терең шыңырауға еш арқансыз тасталған кейпі адам ұғып болмас сезімге батырылып барам. Атам қазақтың адам өмірі жайлы «ақ жаялық, ақ көрпе, ақыр соңы ақ кебін» деп айтқанында айнымас кесімді ақиқатына көзімнің жеткені жаңа ғана. Осыған қарап, өкініш арқылы Құдіретті тануға болатындай. Ұлы Жаратушы қандай Хикмет Иесі, ә, біреудің тағдырын түсіне білгенге тәлім етіп қойған, күмәнсіз бұл – Ұлы ескерту! Әр түн, әр күн, толық жиырма төрт сағат сауап тетіктерінен құралған, әр минуты – бір себет сауап. Адамшылықтың ұшар шыңына шығуға ұмтылғандар ғана танып біле алатын өмір екен бұл. Күллі дүние тыныштық бесігіне бөленген тұста, түнде тұрып, тағат-құлшылықпен жүрек дәрігері – нұрға бөленіп, жылдық сауапқа татитын нәпіл оразалар мен бір өзіне сексен үш жылдық үздіксіз шынайы құлшылықтың сауабын сыйдырған қасиетті Қадір түнгі ғибадаттар, ең бастысы – ақиқат нәрі сіңген ілім кілті...

Сауаптар акциясы мен Алла разылығы алеясын танымай жүргеніме таңым бар, мақрұмдыққа қалайша жол беріп алдым, қалайша..? Мәңгілік ғұмырдың бақытынан мақрұм қалған марқұм болғым келмейді. Әрине, танымсыздықтың, надандықтың нанынан басқаға үйірсектенбегеннің кесірі, жалқаулық пен нәпсінің қалауына қамалған, қарайып, қайратсызданған, тұлданып сыздаған нұрсыз һәм нәрсіз жүрегімнің әлсіздігі. Жанымның жарасын жазатын жалғыз ем – Хақты тануға бейіл беру, сонда жүрек саңылауларынан түскен сәулелі нұрға малынған ұрух ырақатын сезіне аламын, міне, осы – менің шипам.

Айтпақшы, палатада мен және егде жас шамасында тәні науқас демесеңіз, жаны сау бір кісі жатады. Оның үнемі артынан келген тәтті азық-ауқаттарын көрші палатадағылар мен ақбастыларға таратып беріп, өзі бір үзім нан мен қара суды көңіліне талғажау тұтатынына таң қалдым. Аса жомарттықтың сырын сұрағандағы естігенім «Ұлым ойлашы, сеніңше, осы нығметке ылайықпын ба, – деді де, шамалы кідірді де, – өзім де білмеймін... сол себепті әр нәрсенің сұрауы бар... Шүкірін өтей алмайтын көп малдан, шүкірін өтей алатын аз мал абзалырақ демеп пе еді адамзаттың ардақ тұтар Тұлғасы. Әр нәрсенің өз зекеті бар» десімен есімді шығарып, қансорпа қара тер тұнытқан терең ойға батырмасы бар ма.

Сондықтан қазіргі өмірім – құрсақ пен қабір арасындағы алтын көпір сынақ көпірімдегі жаннатқа жетелейтін сауаптар науқанынан кеш қалмауға тырыссам, екі дүниелік бақыттың дәмінен құқылы құлдан болуға үміттілер қатарынан қыла көр десем әбестік болмас. Ең өкініштісі – ақыреттің ақ таңын ақ жүрекпен аттыратын – асыл ақиқатты танымаппын.

Түңіліс теңізіне тап болған ментектестер, қанша адамға қалай несібе бұйыртқан болса, солай есеп алушы ен дүниенің Иесі Алла мінберіне ақиқат баспалдағымен көтерілмекке бел байладым!

Асан Әлі



• Ислам діні - ең таза дін

Тесік шелек (ХИКАЯ). Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек

Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне кұйылған суды қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып құйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді. Бұл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты.

Су тасушы күн сайын қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Сау шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын, тесік шелек байғұстың іштей мұңайғаны сонша, жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен.

Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын» депті назарын төмен салған күйі. Таңқалған су тасушы:

«Неге?» деп сұрапты.

Шелек: «Өйткені менің бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз толтырып құйған судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де өзіңізге тиесілі төлемақыңызды толықтай ала алмай келесіз» дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жоқ. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы», - депті жай ғана.

Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тіпті әлгі гүлдерге қызуы жақсы түсіп тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы: «Көрдің бе? деп сұрапты, - бұл сендегі кемшілікті менің байқағандығым әрі оның өз жөнін тауып, орайластыруымның жемісі, - деп сөзін жалғастырыпты.

Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсаң, күн сайын біз өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері осы әдемі гүлдерден апарып, қожайынды таңқалдыра, дастарқанын жайнатып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда қожайынымыздың үйінде мұндай әдемілік болмас еді»,- деп түсіндірген екен.

Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне мәлім кемшіліктерінің болары сөзсіз. Алайда кемшіліктен қуыстанып, қорқа беру де жөн емес. Қайта сол кемшіліктен де адам өзіне қажетті үлгі ала білсе, оның да басқалардың қуанышына жарамасына кім кепіл?!



• Ислам діні - ең таза дін



Сәуле Бахыт

Тәхәжжуд намазы —түнгі намаз. Құптан намазынан кейін,бір ұйықтап тұрып,түнде оқылатын нәпіл намаз. Пайғамбарымыз: (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)"Парыз намаздан кейін ең жақсы намаз – бұл түнгі намаз"-деген. (Муслим). 

Арай Сейдуллаева

Тәһәжжүт деп аталады)

Акмарал Сагимбекова

Тунги намаз деп бир уйыктап турганнан кейинги,ягный сагат 2мен 3 тин арасында окылатын тахаджут намазы,бирак бул намаз парыз емес ,окысаныз коп сауап аласыз,окымасаныз куна болмайды.

Жасмина Нығметова

Тахаджуд намазы туннин уштен бир болигин камтиды.Кимде ким уйкыдан оянып кетип дарет.алып тунги.напил.намазга турса ол Тахаджуд намазы барлык парыз намаздардан кайырлы болады.Егер тунги намазга турамын деп ниеттенип уйыктап кететин болса периштелер ниети.ушин намазга турды деп жазады екен.Ин ша Алла напил оразаларымызбен напил намаздарымызбен Алланы жий еске алуды насип етсин!

Алуа Медетбек

Тахаджуд

Азамат Жунусов

Тахаджуд

Айгерим Кайрулда

Тунги намаз Тахаджуд деп аталады ниеттериниз кабыл болсын

Умид Тұрды

Тахаджут

Абіл Сейтов

Тахаджүд ..

Султан Жанзаков

Yusuf, Иша Ол Куптан намазы гой

• Ислам діні - ең таза дін

700 жылдық алтын насихат. Төмендегі жазу – атақты Ислам ғалымы Шейх әдәб Алидың насихаты

Бұл насихаттың жазылғанына арада аттай 700 жыл өтсе де, әлі күнге ескірмегендігі, құнын жоймағандығы, одан бергі заман ағымына қарамастан өміршең қалпын сақтауы, шындығында да, таңғаларлық жайт.

«Балам, таң қылаң бере бастағанда туылып, кешкі азан оқылғанда өлетін адамдар болады. Өзіңді баса біл!

Бойыңдағы күштілікті, ақылдылықты, ауыздағы сөзіңді қашан, қай жерде, қалай қолдану керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел соққандағы қауқарсыз жапырақ кейпіне түсерің анық. Ашуың мен нәпсің бір жақ боп ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, тұрақты бол, өз ерік-жігеріңді өз қолыңда ұста. Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен емес. Әлі де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің парасаттылығың арқылы ашылатыны даусыз.

Ата-анаңды құрметте! Берекет үлкендермен бірге жүреді. Бұл дүниеде наным-сеніміңнен қол үзіп қалар болсаң, жап-жасыл күйіңде қурап, шөлге айналасың. Ақжарқын бол, ашық айт. Әр сөзді көңіліңе ала берме. Көп білемдікке салынба, әр көргеніңді айта берме.

Өзіңді жақсы көретін жерге көп барма, өзіңе деген сый-құрметтен айырыларсың. Үш кісіге жаның ашысын:

1. Надандар арасындағы ғалымға;

2. Байлығынан қол үзген кедейге;

3. Құрметке ие болып жүріп абыройынан айырылған адамға.

Жоғарыдағы орынға ие болғандардың жердегілер секілді алаңсыз отыра алмайтындығын ұмытпа! Ақ екенің рас болса, күресуден қорықпа!».



• Ислам діні - ең таза дін

Аз уақытта араб тілін үйреніңіз! . Менеджерге жазу үшін өтіңіз:

👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇

vk.me/id60044688

Араб тілі курсы - видео смотреть онлайн


• Ислам діні - ең таза дін

Шынайы сенім. Атақты ғалым Әбу Бәкір Баррак Құран Кәрім үйрену үшін, баласын медресеге жіберетін

Бір күні баласы медреседен қорқыныштан сұп-сұр болып оралады. Мұны көрген хазіреті Әбу Бәкір Баррак:

– Балам, не болды саған, түрің өзгеріп кетіпті ғой?!, - деп сұрады. Баласы:

– Әкетайым бүгін медреседе Құран Кәрімдегі: «Егер қарсыласа берсеңдер, жас балалардың шашын ағартатын күннен қалай сақтанасыңдар?» (Мүзэммш, 17) аятын оқыдық. Мұны ойлаған сайын төбе шашым тік тұрады, - деп жауап қайтарды.

Сол күннен бастап баласы төсек тартып жатып қалады. Сөйтіп арадан көп уакыт өтпей, баласы дүние салады. Хазіреті Әбу Бәкір Баррак баласының қабірін жиі зиярат етіп, қабірді құшақтап тұрып:

Мен сонша уақыттан бері Құран Кәрім оқып келе жатырмын. Бірақ о дүниедегі қорқынышты жағдайды балам сияқты ойланып, әсерленген емеспін. Ертең (қияметте) жағдайым қандай болмақ!? Нендей өкініш! - деп қайғырған екен.



• Ислам діні - ең таза дін

Аз уақытта араб тілін үйреніңіз! . Менеджерге жазу үшін өтіңіз:

👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇

vk.me/id60044688

Араб тілі курсы - видео смотреть онлайн


• Ислам діні - ең таза дін

✔️ Намаз оқу үлгісі (қыздарға). 📌 Қабырғаңызға сақтап қойыңыз











Гульмира Сарсенбаева

Аллах разы болсын. Ерлерге керек еді осындай суреттермен

Жаркынбек Жансейтов

Гульмира,

Динара Абишева

Сактап койыныз!

Жансая Самбетова

Иншааллаһ барлығымызға бұйыртсын😊

Саян Қуанышбаев

Ұлдарға жоқпа

Муслима Муслимова

Ма ша Аллаһ

Лейла Адилжанова

Рахмет❤

Абылай Тұңғышбаев

Жулдыз, ау

DELETED

Жансая, кешіріңіз таң намазының оқылуы ма

Жулдыз Разыкулова

Абылай,

• Ислам діні - ең таза дін

Шын мұқтаждардың жағдайы не болмақ? . Нәбік деген бір кедейдің тұлпары болады

Бір бай осы атыңды маған сат деп қанша дүние, мал ұсынса да Нәбік жылқысын сатпайтынын айтады. Атты ақшаға сатып ала алмасын білген бай айлаға көшеді. Айласы Нәбік жолаушылап келе жатқанда, оның жолына қайыршы киімін киіп алып отырады. Оның қасына жеткенде, Нәбік «қайыршыдан» жөн сұрайды. «Қайыршы» мына қырдың астындағы ауылға жете алмай отырғанын айтады.

Ойында ештеңе жоқ кедей маған мінгесіңіз, апарып тастайын дегенде, бай «шырағым аттан түсіп мені мінгізіп жібермесең, міне алмаймын» - дейді. Нәбік атынан түсе салып, байды атқа көтермелеп мінгізгенде, арам бай атқа қамшыны басады. Істің анығын енді ғана аңдаған Нәбік: «Байеке, тоқтаңыз айтатұғын бір сөзім бар» - депті. Бай бұл пақыр не дер екен деп, атын іркіп: «Ал бейбақ, не дейсің айт айтарыңды» - депті. Айтарым: «осы жағдайды ешкімге айтпай-ақ қойыңыз. Бар өтінішім осы», - депті.

Бай сонда: «Мен бұл жағдайды айтқанда түсіп қалар дейтүғын беделің жоқ, несіне айтпа деп оған ерекше қам жей қалдың, сорлы» дегенде, Нәбік: «Мәселе онда емес, менің корқып отырғаным бұл оқиға елге тарап кетсе, осы жаман сөздің әсерінен аты барлар жолда кездескен шын мұқтаждарды да мінгестірмей кетпей ме? Менің ойлап отырғаным сол ғана, сол үшін де бұны ешкімге айтпағаныңызды сұрап тұрмын» депті. Кедейдің ойының қандай кең көлемді қамтып тұрғанын түсінген бай аттан түсіп, атты егесіне қайтарып берген екен.



• Ислам діні - ең таза дін

Сіздің ойыңыз?



• Ислам діні - ең таза дін

Дұғамыз неге қабыл болмайды? . Бір ауылда дұғасы екі етілмей қабыл болатын бір адам бар екен

Дұғалары қабыл болмайтын бір топ адам әлгі адамның алдынан шығып, мұның сыры мен жай-жапсарын сұрайды. Дұғасы қабыл болатын адам бір топ адамнан: «Дәл қазір сендер танымайтын бір адам келіп қарызға ақша сұраса берер ме едіңдер?» - деп сұрайды.

Олар бірауыздан:

– Танымайтын адамға қалай қарыз береміз, - дейді.

Жарайды, егер мен сұрасам берер ме едіңдер? - деп тағы сұрақтың астына алады. Сен сұрасаң, әрине, береміз, - дейді. Олардан не үшін беретіндіктерінің себебін сұрағанда, былай жауап қайырады:

– Біз сені жақсы танимыз. Сен сөзіңде тұрасың, өтірік айтпайсың, шыншылсың. Сен әрдайым жақсылық істейсің, - дейді. Сонда әлгі адам:

Міне, Алла тағала да дәл солай. Өзін жақсы танитын, өзіне берік сенетін, әрдайым Оны еске алатын, құлдық міндетін қолынан келгенше дұрыс атқаратын адамдардың дұғасын қабыл етеді, - деген екен.



Кристина Козлова

Ассалаумағалейкүм өте дұрыс айтылған сөз.

Ерке Абдуллаева

Керемет😍

Bakitzhan Rahman

Сендер Дұғаға себеп коспасандар мусылман болса намаз окымаса да тілегі қабыл болады.

• Ислам діні - ең таза дін

Күнә мен ұят. . Ғалым Хасан Басри бір күні жолдастарымен жолда кетіп бара жатып, елге танымал жоғарғы шенді бір төренің баласын жолықтырыпты

Елге үкімі жүріп тұрған басшының баласы маймаңдаған боз жорға үстінде бір топ кызметшілерімен сырнайлатып кернейлетіп кетіп бара жатса керек. Хасан Басри жол ортасында тұрып, аз-кем жөн сұрасқаннан кейін балаға қарап:

- Ей, бай-манаптың баласы! Сендердің нені болсын, кімді болсын ақшамен өлшейтіндерің белгілі.

Мұндайға менен басқа ешкімнің жүрегі дауалай қоймас. Саған бір-екі ауыз сөз сатайын, соған келісесің бе? - депті.

- Мейлі, алайын, қаншаға сатпақсыз? - деп сұрайды.

Хасан Басри екі сөзін екі күміске бағалайтындығын айтып, екеуінің арасында мынадай әңгіме өрбиді:

- Өз үйің барма?

-Иә, бар.

Мирас қалып па еді, әлде өзің салғыздың ба?

- Өзім салғыздым.

Қанша уакытта салғыздың?

Оған уақыт көп кетті.

Күш-қуатың болатұра неге тезірек салғызбадың?

- Үйге қажетті ауыр ағаштар мен тастарды тасыған малдарға жаным ашыды. Сондықтан оларға көп жүк артқызбадым.

Хасан Басри бұл жолы:

- Ей, елге сыйлы басшының ұлы! Малдарыңа жаның ашығанда, неге өз-өзіңе жаның ашымайды? Оларға қиналмасын деп ауыр жүк артпадың, ал өзің неге мұншама ауыр күнә арқалап жүрсің? Одан да өзіңе неге жаның ашымайды?! -депті.

Аталы сөз балаға қатты әсер еткен еді. Жалма-жан атынан түсіп Хасан Басри хазіреттің қолын алыпты. Сөйтіп сабырсыздана:

- Уа, ақсақал! Екі күмісіңізді қолма-қол берейін, екінші сөзіңізді де айтыңыз, - депті жалынып. Хасан Басри екінші сөзін айтпақ болып:

- Қайда бара жатыр едің? - деп сұрайды.

Бала:

Мемлекет басшысына барып, жауапты қызмет алмақ едім, - деп жауап бергенде Хасан Басри:

Қарашы, мемлекет басшысына бара жатырмын деп барынша әдемі киініп, үстіңе хош иістер сеуіпсің. Неліктен? Өйткені мемлекет басшысы мен соның қарамағындағылардың қасына барғанда, ұялып жерге қарамас үшін. Алайда олар да жұмыр басты пенде. Сені мен менен артықшылығы жоқ. Ал енді сенен сұрайын, о дүниеге барғаныңда осыншама күнәң мен кінәларың бола тұра, Аллаһ Тағаланың алдына шығып есеп беруге ұялмайсың ба?..

Ғалымның сөзі сүйегінен өткен төре баласы атының тізгінін бірден қызметшісіне ұстатып, өзі бұдан былай өмірін бұ дүниелік өткінші ләззаттарға алданбай, Аллаһ Тағаланың ақ жолына түсіп, тақуалықпен өткізуге табан астында қарар берген екен.



• Ислам діні - ең таза дін

Намаздың маңыздылығы мен құндылығыНамаздың маңыздылығы:

Алла Тағала намаздың маңыздылығы жөнінде Құран Кәрімде былай деп, баян етеді:قَدْ أَفْلَحَ مَن تَزَكَّىٰ وَذَكَرَ اسْمَ رَبِّهِ فَصَلَّىٰ «Ал (күпірліктен, Аллаға серік қосудан, күнә атаулыдан, дүниеқұмарлықтан) арылған, шүбәсіз, азаптан құтылып, мұратына жетеді». Сондай-ақ Раббысының атын еске алып, намаз оқыған да құтылады» .Ал Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген:عَنْ‏ ‏ابْنِ عُمَرَ ‏رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا ‏قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ‏ ‏صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: "‏بُنِيَ الْإِسْلَامُ عَلَى خَمْسٍ: شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَ أَنَّ‏ ‏مُحَمَّدًا‏ ‏رَسُولُ اللَّهِ وَ إِقَامِ الصَّلَاةِ وَ إِيتَاءِ الزَّكَاةِ وَ الْحَجِّ وَ صَوْمِ رَمَضَانَ".
«Ислам бес негізге тұрғызылған: Алладан басқа құдайдың жоқтығына және Мұхаммадтың (ﷺ) Оның елшісі екендігіне куәлік етіп, иман келтіру, намаз оқу, зекет беру, қажылық жасау және рамазан айында ораза ұстау».
Алла Тағаланың ең сүйікті құлшылығы ол – намаз. Бұған Абдулла ибн Масғұттың (р.а.) басынан өткен мына бір оқиғасы дәлел болмақ.عَنْ عَبْدِ اللّه بن مَسْعُودٍ رضي اللّه عنه قال: "سَأَلْتُ رَسُولَ اللّه صَلَّى اللّه عَلَيْهِ وَسلَّمَ: أَي الْعَمَلِ أَحَبُّ إلى اللّه؟ قال: "الصَّلاةُ عَلَى وَقْتِهَا". متفق عليه Абдулла ибн Мсғуд (р.а.) былай деген: «Бірде мен Алла Елшісінен (ﷺ): «Алла Тағаланың ең сүйікті амалы қандай?»-деп сұрадым. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Уақытында оқылған намаз»,-деп жауап берді» . Намаз мүміннің және кәпірдің арасын ажырататұғын нәрсе. Бұл жөнінде Джәбир ибн Абдулла (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай дегенін естіген:عن جابر قال: سمعت النبي صلى الله عليه وسلم يقول: "بَيْنَ الرَّجُلِ وَبَيْنَ الشِّرْكِ وَالْكُفْرِ تَرْكُ الصَّلَاةِ" رواه مسلم.«Расында, адамның және серік қосу мен күпірліктің арасын байланыстыратын нәрсе – намазды тәрк қылу» . Имам Әбу Ханифа мен оның шәкірттерінің, Куфалық ғалымдардың, имам Мәлік пен Суфян әс-Сәуридің, имам Шафиғидің шәкірті әл-Музанидің және т.б. көпшілік ғұламалардың көзқарасы бойынша немқұрайлық және жалқаулық себепті намаз оқымайтын адам кәпір болып есептелмейді. Олар бұл хадисте, намаздың парыздығын мүлде мойындамай, жоққа шығарған кісі жайлы айтылған деп, тұжырым жасаған.Абдулла ибн Амр (р.а.) риуаят еткен хадисте Алла Елшісі (ﷺ) дүние тіршілігінде намазын сақтықпен уақытылы орындаған адамға, қиямет күні намаздың оған берер пайдасы өте орасан зор болатындығын былай деп жеткізген:عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: "أَنَّهُ ذَكَرَ الصَّلاةَ يَوْمًا فَقَالَ: مَنْ حَافَظَ عَلَيْهَا كَانَتْ لَهُ نُورًا وَبُرْهَانًا وَنَجَاةً يَوْمَ الْقِيَامَةِ، وَمَنْ لَمْ يُحَافِظْ عَلَيْهَا لَمْ يَكُنْ لَهُ بُرْهَانٌ وَلا نُورٌ وَلا نَجَاةٌ، وَكَانَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مَعَ قَارُونَ وَهَامَانَ وَفِرْعَوْنَ وَأُبَيِّ بْنِ خَلَفٍ«Бірде Алланың Елшісі (ﷺ) намаз жайлы сөз қозғап былай деген: «Кімде-кім, оны қадағалап орындайтын болса, онда ол оның жарық нұрына, жақтаушы куәгеріне және қиямет күніндегі құтқарушысына айналады. Ал кімде-кім, немқұрайлық танытып, оны орындамайтын болса, онда ол оның не жарық нұры да, не қорғаны да, не құтқарушысы да болмайды. Тіпті қиямет күні ол Перғауынмен, Хаманмен және Убай ибн Халафпен бірге болады» .Омар (р.а.) халиф болған кезінде, өзінің барлық өкілдеріне қатысты үндеу хатын шығарып, былай деп, талап қойған болатын: عَنْ نَافِع مَوْلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ، أَنَّ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّاب، كَتَبَ إِلَى عُمَّالِهِ: "إِنَّ أَهَمَّ أَمْرِكُمْ عِنْدِي الصَّلَاةُ ، فَمَنْ حَفِظَهَا وَحَافَظَ عَلَيْهَا، حَفِظَ دِينَهُ، وَمَنْ ضَيَّعَهَا فَهُوَ لِمَا سِوَاهَا أَضْيَعُ
«Расында мен, сендердің ең маңызды міндеттерің – намаз деп есептеймін. Өйткені, намазына сақтық танытатын адам, Ислам дінінің басқа да біндеттеріне дәл солай сақтық танытады. Ал егер ол намазына селқостық танытатын болса, онда ол Илсамның басқа да міндеттерін оп-оңай бұзатын болады» .
Намаздың құндылығы:Құран мен хадистерде намаздың көптеген сансыз құндылықтары баян етілген. Алла Тағала намаздың арсыздық пен жеккөрінішті нәрселерден тыятындығы жайлы былай деген:إِنَّ الصَّلَاةَ تَنْهَىٰ عَنِ الْفَحْشَاءِ وَالْمُنكَرِ ۗ وَلَذِكْرُ اللَّهِ أَكْبَرُ ۗ«Өйткені намаз – адам баласын арсыздықтан һәм жамандық атаулыдан (теріс қылықтардан) тыяды. Ал Алланы үнемі (жүрекпен тілмен һәм іс жүзінде) еске алу болса, құлшылықтың ең үлкені, ең зоры» .Сонымен қатар намазды Раббысының разылығы үшін толық орындаған адамға, Алла Тағала Фердаус жұмағын нәсіп ететіндігін былай деп баян етеді:وَالَّذِينَ هُمْ عَلَىٰ صَلَوَاتِهِمْ يُحَافِظُونَ أُولَٰئِكَ هُمُ الْوَارِثُونَ الَّذِينَ يَرِثُونَ الْفِرْدَوْسَ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ«Намаздарын кемеліне жеткізе, үзбей әрі уақытылы оқиды. Міне солар нағыз мұрагерлер. Олар (пейіштің төрі) Фердаусқа мирасқор болады. Олар онда мәңгі-бақи мекендейді» .Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте, Алла Елшісі (ﷺ) бес уақыт намаздың өзі, жасаған күнәларымыздың каффараты болып есептелетіндігін былай деп жеткізген:عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رضي الله عنه، أَنَّ رَسُولَ اللّهِ صلى الله عليه وسلم كَانَ يَقُولُ: "الصَّلَوَاتُ الْخَمْسُ، وَالْجُمُعَةُ إِلَى الْجُمُعَةِ، وَرَمَضَانُ إِلَى رَمَضَانَ، مُكَفِّرَاتٌ مَا بَيْنَهُنَّ، إِذَا اجْتَنَبَ الْكَبَائِرَ". رواه مسلم
«Егер адам баласы үлкен күнәләрдан сақтанса, онда бес уақыт намадың, осы жұма мен келесі жұманың және бұл Рамазан айы мен келесі Рамазан айының арасында жасалған күнәләр кешіріледі» .
Сондай-ақ Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен тағы басқа бір хадисте Алла Елшісі (ﷺ) күніне бес рет суға шомылған адам денесіндегі ластықтан қалай тазарылатын болса, күніне бес рет намаз оқитын адам да дәл солай, бойындағы күнәларынан арылатындығын былай деп жеткезгін:عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ : "أَرَأَيْتُمْ لَوْ أَنَّ نَهْرًا بِبَابِ أَحَدِكُمْ يَغْتَسِلُ مِنْهُ كُلَّ يَوْمٍ خَمْسَ مَرَّاتٍ هَلْ يَبْقَى مِنْ دَرَنِهِ شَيْءٌ؟ قَالُوا: لَا يَبْقَى مِنْ دَرَنِهِ شَيْءٌ. قَالَ: فَذَلِكَ مَثَلُ الصَّلَوَاتِ الْخَمْسِ يَمْحُو اللَّهُ بِهِنَّ الْخَطَايَا"
«Егер адам күніне бес рет үйінің жанында ағып жатқан өзенге шомылса, бойында қандай да бір ластық қалар ма еді?» Сахабалары: «жоқ, ластығынан ешнәрсе қалмайды»,-деп жауаберді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Бес уақыт намаздың да мысалы дәл солай. Алла Тағала онымен күнәләрды кешіреді»,-деген .
Анас (р.а.) жеткізген риуаятта Пайғамбарымыз (ﷺ) намаз оқып жатқан адамның Жаратушы Иесімен сырласатынын ұқтырып, былай деген:عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ، قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ :"إِنَّ أَحَدَكُمْ إِذَا صَلَّى يُنَاجِي رَبَّهُ"، متفق عليه«Расында, егер сендердің біреулерің намаз оқып жатқан болса, онда ол Раббысымен сыбырлап сөйлесіп жатыр» .Әбу Зар (р.а.) риуаят еткен хадисінде, намаз оқитын адамның бойынан күнәлары төгілетіндігін былай деп жеткізген: «Бірде Пайғамбарымыз (ﷺ) өзінің үйінен шықты. Күз мезгілі болған соң ағаштардың жапырақтары түсіп жатты. Ол (ﷺ) ағаштың екі шыбығын ұстай қалған кезде, олардың жапырақтары шашылып, жерге төгілді. Бұған қатысты Ол (ﷺ) назар аудартып былай деді: «Ей Әбу Зар (р.а.), қашан мұсылман адам намазын Алланың разылығы үшін оқыса, онда оның бойынан мына жапырақтар түскендей, күнәлары төгіледі» .Намаз – бұл Пайғамбарымыздың (ﷺ) көзінің қарашығы, қуанышы және жарық нұры. Себебі Әнәс ибн Мәлік (р.а.) риуаят еткен хадисте Алланың Елшісі (ﷺ) намаздың құндылығы жөнінде былай деген:عن أنس بن مالك رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: "جُعِلَتْ قُرَّةُ عَيْنِي فِي الصَّلَاةِ"
«Намаз – көзімнің қарашығы»
Мұсылмандардың басшысы Әбу Бәкірдің (р.а.) әдеттегі дағдысының бірі, намаз уақыты жақындаған кезде былай деп ескерту жасайтынكَانَ أَبُو بَكْر رَضِيَ اللهُ عَنْهُ يَقُول إِذَا حَضَرَت الصَّلَاة : "قُومُوا إِلَى نَارِكُمْ اَلَّتِي أَوْقَدْتُمُوهَا فَأَطْفِئُوهَا"
«Тұрыңдар! Намаз оқумен (күнә жасау арқылы) өздеріңді өртеу үшін тұтатқан отты, өшіріңдер» .

Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Сыздықов Дархан Манарбекұлы